Ата-бабаларымыздың сағызы

🏆 КММ «Привольное орта мектебінің» кезекті жеңісі!
5-сынып оқушысы Әмірболат Әдіятты «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде II орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әдіят «Этномәдениеттану және мәдени мұра» секциясында «Ата-бабаларымыздың сағызы» тақырыбындағы зерттеу жұмысын қорғады.
Жобаның басты ерекшелігі – қайың қабығынан сағыз дайындаудың көне рецептін жаңғыртуға бағытталуы. Жас зерттеуші ата-бабаларымыздың дәстүріне терең үңіліп, тарихи-мәдени мұрамызға деген қызығушылығын және халықтық құндылықтарды сақтап, насихаттауға деген талпынысын көрсетті.
👏 Әдіятты лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да талмай ізденіп, жаңа жаңалықтар ашып, зерттеу жұмыстарыңда биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз!
Жоба жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Әбілкин Орал Нұржанұлына кәсіби қолдауы, бағыт-бағдары және оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Оқушыларымыз бен ұстаздарымызды мақтан тұтамыз! Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! 🌟
